Мемлекет басшысы Болгария президентін Қазақстанға шақырды

24 Қыркүйек 2019, 23:10
2103
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Болгария президентін Қазақстанға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті швейцариялық әріптесімен өткізген кездесуден кейін Болгария президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Көшбасшылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында сындарлы диалог орнағанына тоқталып, еліміздің Болгариямен өзара іс-қимылды одан әрі қарқынды дамыта түсуге ниетті екенін айтты.

"Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясын Елшілік ретінде қайта құру туралы шешім қабылданғанын білесіздер. Өкілдігіміздің мәртебесін арттыру және Елшіні тағайындау Қазақстан мен Болгария қарым-қатынастарын дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы болгарлық компанияларды Қазақстанда жұмыс істеп, кейіннен осы өңірдің нарығына шығуға шақырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы