Министрлікте еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды

9 Қыркүйек 2022, 23:13
1203
Бөлісу:
Министрлікте еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды

Құрылыс саласының қызметкерлері мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ашық сағат алаңы» жобасы аясында құрылыс саласының қызметкерлері мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік-еңбек және экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жиын өтті. 

Онлайн форматта өткен кездесуге ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы және Қазақстан Құрылысшылар одағының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. 

Техникалық реттеу және нормалау басқармасының бас сарапшысы Сара Құрманғожина атап өткендей, бүгінгі таңда ҚР ИИДМ қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде еңбек қатынастары мәселелері бойынша жұмысты неғұрлым сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік бермек. Сонымен бірге кәсіподақтардың жұмысын жақсарту үшін бірқатар жүйелі шара әзірленді. Атап айтқанда, ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде қызметкерлердің талаптарын ұсыну рәсімін оңайлату бойынша. 

Бұдан басқа, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шеңберінде өндірістік кеңестер құру туралы міндетті норманы енгізу жоспарлануда. Айта кетерлігі, жалақы мәселелерін шешу мақсатында 2021 жылы министрлік әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша үш жақты салалық келісімді өзектендіріп, онда арнайы коэффициент бекітілді. 

Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша комитет өкілдері салалық комиссияның жұмысын жандандыру, кәсіподақтар құруға жәрдем көрсету қажеттігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы