Министрлік басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен 16 кездесуі өтті

20 Қараша 2021, 14:35
952
Бөлісу:
Министрлік басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен 16 кездесуі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында X Азаматтық форум қарсаңында 12-19 қараша аралығында министрліктер мен агенттіктер басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен 16 салалық онлайн-кездесуі өтті.

Бұл Қазақстанның алғашқы Азаматтық форумы өткізілген 2003 жылдан бастап орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен азаматтық қоғам қатысушыларының тақырыптық кездесулерінің рекордтық саны.

Айта кетейік, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруда халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге және әрекет етуге мүмкіндік береді.

Онлайн-кездесулер  АҚДМ Facebook әлеуметтік желісіндегі арнайы парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Министрлер, агенттіктер төрағаларының, вице-министрлердің 16 кездесуінің онлайн-форматы Қазақстанның барлық өңірлерінен 1000-нан астам азаматтық қоғам өкілдерін (ҮЕҰ, бизнес, БАҚ, квазимемлекеттік сектор) тіркеуге мүмкіндік берді, олар өздерін толғандыратын сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік алды. Facebook-тегі тікелей эфирлерді қамту шамамен 4000 қаралым берді.

Жалпы министрліктер мен агенттіктердің бірінші басшыларымен кездесулердің барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, денсаулық сақтау, экология, білім беру, азық-түлік қауіпсіздігі, қылмысқа қарсы күрес, цифрлық технологияларды пайдалану және т. б. салаларда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бойынша мәселелер талқыланды.

Барлық министрлер, агенттіктердің төрағалары биылғы жылы енгізілген заңнамалық түзетулердің арқасында өз өкілеттіктерін кеңейткен қоғамдық кеңестер жұмысының маңыздылығын танитыны маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, X Азаматтық форум Нұр-Сұлтанда 22-24 қарашада онлайн-форматта басталып, Алматыда 25-26 қарашада офлайн-форматта жұмысын жалғастырады.Форумның іс-шаралары демократиялық процестерді дамыту, Қазақстанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ қоғамның, мемлекет пен бизнестің оларға қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне арналады.

Өзгелердің жаңалығы