Министр қыркүйектегі оқу жылын бастаудың үш нұсқасын ұсынды

11 Шілде 2020, 15:03
2318
Бөлісу:
Министр қыркүйектегі оқу жылын бастаудың үш нұсқасын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы оқу жылында балаларды оқытудың үш нұқсасы қарастырылып отыр. Бұл туралы онлайн-брифингте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

 

Әу бастан үш негізгі нұсқаға дайындалдық. Әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейін. Біріншісі - қашықтықтан оқыту. Шалғайдағы елді мекендерді қоспағанда (төртінші тоқсандағыдай), қалғанында ондай қауіп жоқ. Өзге мектептердің барлығы қашықтықтан оқиды.Бұл нұсқа мұғалімдердің де, оқушылардың да өмірі мен денсаулығына белгілі бір дәрежеде қауіп төндіреді, - дейді Асхат Аймағамбетов.

 

Оның айтуынша, екінші нұсқа, белгілі бір сыныптарға арналған қашықтан басқарылатын аралас нұсқа.

 

Бұл жерде, әрине, шектеулер болуы керек.  Бұл міндетті термометрия, міндетті санитарлық тазарту құралдары, әлеуметтік қашықтық. Бұл сабақтардың, топтарға бөлінудің қысқаруы, кабинеттік жүйенің жойылуы және т.б.  Яғни, осы нұсқаға шартты түрде тоқталсақ, өте қатал санитарлық нормалар мен талаптар қолданылуы керек екендігі түсінікті.  Қазір біз бірқатар елдердің тәжірибесінен көріп отырмыз, олар осы нұсқаны ұстанады. Көбісі, қазірдің өзінде осы әдісті қолданып жатыр.  Мамыр айында кейбіреулер бұл нұсқаға сүйене отырып, мектептерін ашты. Жалпы, мұндай нұсқаларды қолданудың тәжірибесі жетерлік, - министр.

 

Ал үшінші нұсқа штаттық режимде жұмыс істеу. Бірақ қатаң түрде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау.

 

 

Үшінші нұсқа - бұл қатаң санитарлық шектеулері бар штаттық режим. Яғни, балалардың күндізгі оқу кезінде шығатын үзіліске, сыныптағы балалар санына, ауысымға, кабинеттерді ауыстыруды тоқтату, асханаларға бару кестесіне байланысты шектеулер қолданылады.Бұл нұсқа қазірдің өзі көптеген елдерде қабылданған, - дейді ведомство басшысы.

 

Сонымен бірге ол алдағы оқу жылы қай  қай сценарий бойынша өтетінін алдағы уақытта айтамын деп отыр.

Бұл үш нұсқа денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлы өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы