Министр: Жұмыссыздарды мемлекет берген мүмкіндікті пайдалануға шақырамын

23 Қараша 2019, 17:38
5001
Бөлісу:
Министр: Жұмыссыздарды мемлекет берген мүмкіндікті пайдалануға шақырамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.

Сонымен қатар, министр Федоров аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Өткен кездесулер барысында ҚР Еңбекмині басшысы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді, сондай-ақ жұмыссыздарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жұмыс сапары барысында министр Мемлекет тарапынан қаржылай көмек алып, өз ісін белсенді дамыта бастаған Еңбек және Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытудың жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға ерекше назар аударды.

Біржан Нұрымбетов 7,5 млн теңге көлемінде микроредит алып, кәсіп ашқан жалғызбасты ана Елена Шульганың косметологиялық салонына барды. Ол кедейліктің шегін еңсеріп қана қоймай, салонда маникюр шеберлері болып жұмыс істейтін екі адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сіздер "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланудың өте жақсы үлгісін көрсетіп отырсыздар. Сіз жеке бизнесіңізді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар бұрын тұрақты табысы болмаған екі отбасына тұрақты жұмыс пен жақсы табыс беріп отырсыз. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушы өз ісін дамытып, басқаларға жұмыс ұсынуының жарқын мысалы. Мен жұмыссыздарды мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Бизнес әр адамның қолынан келеді, – деді Біржан Нұрымбетов.

Федоров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен және "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен әңгімелесу барысында, Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін жоғарыда көрсетілген бағдарламаға өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көп балалы отбасылардың жобаларына микрокредит беру мерзімін ұзарту ұсынылады. Несиені өтеу кезінде қаржылық ауыртпалықты азайту үшін номиналды пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынамыз. Жеткілікті кепілдік қамтамасыз етілмеген отбасылар үшін ауылдар мен қалаларға бөлінбестен бір оператор арқылы микрокредиттерге кепілдік беру тетіктерін кеңейту жоспарлануда, – деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Алматы Солтүстік Қазақстан облыстарында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы