Министр жер сілкісінен Сұлтан Бейбарыс салған мұнараның қирағанын айтты

24 Ақпан 2023, 18:32
1478
Бөлісу:
Министр жер сілкісінен Сұлтан Бейбарыс салған мұнараның қирағанын айтты
Фото: twesco.org

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ислам мен түркі өркениетін қалыптасыруға сеп болған Мысыр билеушісі Бейбарыс сұлтанға қатысты тың дерек айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жошыдан туған Берке мен Бейбарыс сұлтан мүдделес болған. Олардың одақтас болғаны тарихтан мәлім. Сол арқылы жалпы адамзат тарихында түркі және ислам өркениеті деген жаңа ұғым пайда болады. Біз мұны әрі қарай жіті зерттеуіміз қажет. Мәселен, күні кеше Түркия жерінде үлкен зілзала болып, көптеген отбасы опат болғанын болды. Сол жердің сілкіністің ошағының бірі Хатай қаласы. Мен ол жерде болғанмын. Сол Хатай жеріне кезінде Бейбарыс Сұлтан келген екен «мұнда Бейбарыс сұлтан  мұнара тұрғызған» дейтін ескеркіш бар еді. Кешегі зілзалада ескертіш қирады. Өкінішке қарай бабамыздың мұрасынан көз жазып қалдық, - деді Дархан Қыдырәлі  «Бейбарыс Сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты халықаралық  конференциясында. 

Бұған дейін Ақпарат министрі  Сұлтан Бейбарыстың өз заманында «Ислам дінінің екінші атасы» атанғанын айтқан еді. Сонымен қатар тұлғаның 800 жылдығында қандай іс-шаралар ұйымдастырылатынын жазған едік.  

Өзгелердің жаңалығы