Министр жауабы: Биыл елімізде қандай ірі жобалар іске қосылады?

3 Қазан 2023, 10:53
759
Бөлісу:
Министр жауабы: Биыл елімізде қандай ірі жобалар іске қосылады?
Фото: Үкімет

Бұл жайында үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр жылдың соңына дейін іске асырылатын негізгі жобаларды атады.

Ақтөбе облысында «Қазхром» кәсіпорнының қожын қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасы пайдалануға берілді, өңдеу қуаты жылына 400 мың тоннаға дейін, 271 жаңа жұмыс орны құрылды.Ақтөбе облысында мамыр айында Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты қосылды, – деді Шарлапаев.

Оның атап өтуінше, зауытта жылына 25 бірлік бұрғылау машиналары өндіріледі, 150 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жетісу облысында Алмаз Керамикс (Diamond Ceramics) компаниясы керамикалық тақтайшалар өндірісін үш жарым 3,5 млн шаршы метрге дейін кеңейтуде. Аталған өнім бойынша ел импортының 10% жабады, 226 тұрақты жұмыс орны құрылды, – деді өнеркәсіп министрі.

Өзгелердің жаңалығы