Министр жастардың кәсіби дамуына арналған жобамен таныстырды

14 Наурыз 2023, 10:56
1185
Бөлісу:
Министр жастардың кәсіби дамуына арналған жобамен таныстырды

2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына қатысты айтылған ескертулер мен ұсыныс-пікірлер ескеріліп, қайта пысықталды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімдерімен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен және орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, индикаторлар саны 10-нан 12-ге, кешенді іс-шаралар саны 72-ден 80-ге артты. Тұжырымдаманың негізгі идеясы – «Жастар үшін» парадигмасын «Жастармен бірге» бағытына ауыстыру, - деді Дархан Қыдырәлі. 

Қыдырәлі  аталған құжат жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 7 бағыттан тұратынын айтты.

 «Жастар және ауыл» бағыты. Бүгінде жастардың 43,7 пайызы  ауылда тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға бас назар аударылады. Сонымен қатар, кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Жоғарыда аталған шаралар аясында 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың  цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген, - деді Ақпарат министрі. 

Өзгелердің жаңалығы