Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік сатып алуды толық цифрландыру осы саладағы бұзушылықтарды 765 есеге азайтты. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.
Мемлекеттік аппарат жұмысын бағалаудың және аудиттің жаңа жүйесін енгізу бойынша Ұлт жоспарының 93-ші қадамы орындалды. Негізгі екпін ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялау арқылы бұзушылықтардың алдын алуға қойылған, - деді министр.Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік аудит саласын кезең-кезеңмен дамыту елеулі бұзушылықтарды 4 есеге төмендетіп, қаржы тәртібін арттырды.
Тәуекелді басқару жүйесін қолдану жоспарлы тексерістерді 6,5 есеге қысқартты. Мемлекеттік сатып алуды толық цифрландыру осы саладағы бұзушылықтарды 765 есеге азайтты. Камералдық бақылауды автоматтандыру мемлекеттік сатып алуды қамтуды 6 есеге арттырып, бұзушылықтардың үлес салмағын 10 есеге қысқартып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың сауаттылығын арттырды, - деді ол.