Министр Шарлапаев Ақмола облысында болды

10 Мамыр 2024, 03:07
274
Бөлісу:
Министр Шарлапаев Ақмола облысында болды
Фото: gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ақмола облысында болып, су тасқынының зардаптарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Сапар аясында министр Атбасардың су басқан аймақтарын аралап көрді. Онда оған келтірілген залалдың нәтижесі туралы хабарлады. Мұнда 374 үй зақымданған, 248 үйге сараптама жүргізілді. Оның 77-сі қауіпті деп танылып, 171-і жөндеуді қажет ететіні анықталды. Зардап шеккендерге арналған 100 пәтерлік екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Министр үйлердің құрылысы барысымен, сондай-ақ көшені су басу қаупінің алдын алу мақсатында С. Сейфуллин көшесіндегі су өткізгіш құбыры бар жолды салу жобасымен танысты. 

Сондай-ақ Қанат Шарлапаев Көкшетауға барып, облыс әкімі Марат Ахметжановпен бірге су тасқыны салдарынан бұзылған апатты тұрғын үйлер мен жеке үйлерді аралап көрді. Қылшақты өзенінің бойындағы үйінді топырақты көріп, бірінші қабаты су басқан жөндеуді қажет ететін қалалық балабақшалардың біреуіндегі жұмыстар барысымен танысты.

Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны аймақтарынан қоныстандыру мақсатында Атбасар қаласында екі 100 пәтерлі, Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке тұрғын үй салу және Көкшетау қаласында дайын 89 пәтерді сатып алу жоспарлануда. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 тұрғын үй сатып алу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы