Министр сәбиді хиджама әдісімен емдеуге қатысты ойын айтты

28 Ақпан 2023, 12:08
895
Бөлісу:
Министр сәбиді хиджама әдісімен емдеуге қатысты ойын айтты

Атырауда шақалаққа хиджама жасаған орталық жабылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Денсаулық сақтақ министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, Атырауда нәрестені хиджама тәсілі арқылы емдеп жатқан видео тараған еді.

Атыраудағы орталық тексеріліп, ондағы санитарлық-эпидемиологиялық бұзушылық болғандықтан, орталықты жабу рәсімделіп жатыр. Бұл «ем» – медициналық рұқсат етілген қызметке жатпайды, сондықтан қазір заң жүзінде оған рұқсат ету керек пе, жоқ па, арнайы жұмыс тобы құрылып, дәстүрлі медицинамен айналысатын мамандармен бірге қаралып отыр, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ғиният Атыраудағы оқиғадан кейін дәрігерлерге халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма бергенін атап өтті.

Хиджама жасайтын орындар жеке медициналық орталық. Бәріне жеке медициналық орталықтарды тексеру үшін баса-көктеп кіре алмаймыз, бұзушылық туралы арыз болғанда ғана заң бойынша прокуратурамен бірігіп, тексере аламыз, - деп жауап берді министр.

Өзгелердің жаңалығы