Министр Рухия Байдүкенованы өнер фестиваліндегі жеңісімен құттықтады

19 Шілде 2021, 16:08
2891
Бөлісу:
Министр Рухия Байдүкенованы өнер фестиваліндегі жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында эстрада орындаушылары арасындағы байқаудың Гран-при иегері атанған Рухия Байдүкенованы құттықтады.

Құрметті Рухия Еділқызы! Сізді Беларусь Республикасының Витебск қаласында осымен XXX өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында эстрада орындаушылары арасындағы байқаудың Гран-при иегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жас та болса дарыныңыз бен музыкаға деген құштарлығыңызды паш етіп, үлкен жобада сəтті өнер көрсеттіңіз. Осы жетістікке жету жолында тыңбай дайындалғаныңыз үшін Сізге зор алғыс айтамын, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
 
Ақтоты Райымқұлова Рухия Байдүкеноваға алдағы уақытта да əн өнеріне деген талпынысының артып, сахна төрінде биік белестерді бағындыра беруге тілектестік білдірді.

Əрдайым ұстаздардарыңыз бен қалың тыңдармандарыңызды қуанта беріңіз. Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық қажымас қайрат, шығармашылық шабыт тілеймін! - деп тіледі Мәдениет және спорт министрі.

Еске салсақ, қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова «Славян базары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы