Министр ретінде әрқашан тек кәсіби журналистиканы қолдаймын – Балаева

27 Ақпан 2021, 13:41
1939
Бөлісу:
Министр ретінде әрқашан тек кәсіби журналистиканы қолдаймын – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz порталына берген сұхбатында бүгінде ресми БАҚ пен блогерлер аудитория үшін күресте тең емес жағдайда тұрғанымен келісетінін жеткізді.

Ақпараттың рөлі жыл сайын, күн сайын және әр секунд сайын артып келеді. Біз шынымен ақпарат және технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз, сондықтан бізде бір нәрсеге иеміз деу қиын. Ақпаратқа мемлекеттің абсолютті монополиясы жоқ және болмайды да. Сондықтан министрлік басқарады деу қиын, бірақ өкілетті орган ретінде, үйлестіретіні және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратыны сөзсіз. Дұрысы – ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Жаңа технологиялар жағдайында, жаңа коммуникациялар пайда болған кезде, ақпаратқа мемлекеттің монополиясы бар деудің қажеті жоқ – ол болмайды. Бүгінде біз қарапайым блогердің де ақпарат тасымалдаушысы екенін және қоғамдық пікір қалыптастыра алатындығын көріп отырмыз. Бірақ мен министр ретінде әрқашан тек кәсіби журналистиканы қолдаймын, өйткені кәсіби журналист ақпарат үшін жауап береді, - деді ол.

Министр бүгінде ресми БАҚ пен блогерлер аудитория үшін күресте тең емес жағдайда тұрғанымен келісетінін жеткізді. 

Кәсіби журналист уақыттан кейін қалып келеді. Себебі ол ақпараттың дұрыстығын, нақтылығын тексеріп, негіздеп, толық материал жасауы керек. Ал блогер мұндай тапсырманы орындамайды. Сондықтан, әркімнің орналастырған ақпараты үшін жауапты болғаны маңызды. Біз заңнамалық реттеу шараларын қабылдап жатырмыз. Бүгінгі таңда қолданыстағы заң жаңартуды қажет етеді. Біз коммуникация құралдары туралы жаңа заң тұжырымдамасын дайындадық, онда ұғымдық аппарат кеңейтілетін болады, яғни блогер деген кім және әлеуметтік желілер деген не деген тұжырым берелітен болады, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы