Министр жаңа ректорды ұжыммен таныстырды

1 Қыркүйек 2020, 21:11
3554
Бөлісу:
Министр жаңа ректорды ұжыммен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне (КеАҚ) Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров арнайы келді. 

Министр Сапархан Омаров Университеттің Профессорлық оқытушылық құрамының алдында білім ордасының жаңа басшысы Қайрат Айтуғановты ресми түрде Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жаңа басшымен бірге білім ордасы талай жетістіктерге жететіне сенім білдірді.  

Естеріңізге сала кетейік осыған дейін "С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің" КеАҚ Басқарма төрағасы болып, экономика ғылымдарының докторы Қайрат Қапарұлы Айтуғанов тағайындалған болатын. 

Ауыл шаруашылығы саласын дамытып, мемлекет үшін жоғары білікті кадрлар даярлауда барлық күш жігерімді саламын. Бір ауыздан қолдағандарыңызға алғысымды білдіремін",- деді "С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің - КеАҚ Басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов. 

Сапархан Омаров "С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті" КеАҚ  бұрынғы Басқарма төрағасы А.Күрішбаевтың тоғыз жыл ішінде атқарған жұмысына тоқталды. Білім ошағын зор жетістікке жеткізіп, заман талабына сай білім берудің озық үлгісін көрсеткен іскер басшы екендігін айта келіп, "Еңбек ардагері"  медалімен марапаттады. 

Сенат депутаты А.Күрішбаев қара шаңыраққа "С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық ғылыми-зерттеу университетінің" дәрежесін алуы аса маңызды және жаңа ректор бұл бағытта өз үлесін қосатынына сенемін" деді. 

Бүгінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті КеАҚ аграрлық бағытта білім беретін әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университеті үлгісіне трансформациялануда.

Өзгелердің жаңалығы