Министр Дархан Қыдырәлі журналистерді заң бұзбауға шақырды

9 Маусым 2023, 18:01
1295
Бөлісу:
Министр Дархан Қыдырәлі журналистерді заң бұзбауға шақырды
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақпарат және қоғамдық даму министі Дархан Қыдырәлі қамауға алынған журналист Думан Мұхамедкәрімге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Думан Мұхамедкәрім туралы ақпаратты оқыдым. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол журналистік қызметі үшін емес, заңды бұзғанына байланысты айыпталып отыр. Қазақстан – құқықтық мемлекет, заң алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан әріптестерімді заңды бұзбауға және оны құрметтеуге шақырамын. Айтпақшы, журналистер Мәжіліс дәлізінде осы мәселе туралы сұраған еді. Сол жерде де “саяси көзқарас үшін” деп қоғамдық тәртіпті бұзғанына байланысты айыпталғанын меңзеген едім, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы