Министр отандық өндірушілердің мүддесін қорғайтын 5 жаңа тетік туралы айтты

23 Қараша 2021, 09:30
1002
Бөлісу:
Министр отандық өндірушілердің мүддесін қорғайтын 5 жаңа тетік туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

Жергілікті қамту құралын қолдану бойынша тиісті өзгерістер енгізілді. Халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған 5 жаңа механизм әзірленді. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында «ел ішіндегі құндылық» ұғымы мен даму саясаты көзделген. Бұл ұғым халықаралық аренада танылған (Оман, Түркия, Франция), сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкес келеді, - деді Атамқұлов.
Ол атағандай, ірі жер қойнауын пайдаланушылар ел ішіндегі құндылықты дамытудың жеке бағдарламаларын және отандық өндіріс тауарларын сатып алуға көшу жоспарын қабылдайды.

Дайын өнімді өткізу және ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен офтейк-келісімшарттар, офсеттік шарттар пайдаланылады. Бұл ретте оффтейк-келісімшарттар өндірісті оқшаулауға және жаңаларын ашуға, ал офсеттік шарттар технологиялар трансферті мен инвестициялар тартуға бағытталады. Ұзақ мерзімді шарттар жұмыс істеп тұрған өндірістердің өнімдерін өткізуді қамтамасыз етеді, - деді Бебіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, Ірі мұнай операторлары бірлескен жол картасы бекітті.

Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығының жұмысы басталды. Ол ірі операторлармен бірлесіп, технологияларды оқшаулауға және трансферттеуге кірісті. Импортталатын 1 200-ден астам тауарға талдау жүргізілді. Оқшаулау үшін 3 тауарлар тобы іріктелді. Орталық жыл соңына дейін инвестициялық жобалар мен өндірістерді оқшаулар бойынша ұсыныстар жасауды, сондай-ақ отандық өндірушілер үшін бар кедергілерді анықтауды жоспарлап отыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы