Министр неге ақылы жолдар көбейетінін түсіндірді

28 Қараша 2023, 11:06
1451
Бөлісу:
Министр неге ақылы жолдар көбейетінін түсіндірді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев жолдарды күтіп ұстауға жылына қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет етіледі. Осы орайда, республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында ақылы жолдардың көлемін кезең кезеңімен енгізудеміз. Қазіргі таңда 3 мың 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд  500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Марат Қарабаев.

Ол ақылы жолдар 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай 11 мың шақырымға артатынын айтады.

Бұл ретте, Қазақстандағы ақылы жолдар тарифтері, жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен екенін айта кеткен жөн. Соңғы уақытта, транзиттік ағынның өсуіне байланысты, жөнделген жолдарды нормативтік жағдайда сақтау үшін, жол ақысын қайта қарау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Ақылы жүйе, бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын ескере отырып, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген, – дейді Көлік министрі.

Бұған дейін Әлихан Смайылов биылғы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскенін айтты.

Өз кезегінде Марат Қарабаев жолдардың сапасы бойынша айтылатын сынның басым бөлігі жергілікті желіге қатысты екенін түсіндірді. Ол жолдардың жай-күйі ең төмен өңірлерде жергілікті бюджеттен мүлдем қаражат қаралмағанын атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы