“Әкімдіктер сараптама жасай алмайды”. Смайылов жол сапасы жайлы айтты

28 Қараша 2023, 10:13
1026
Бөлісу:
“Әкімдіктер сараптама жасай алмайды”. Смайылов жол сапасы жайлы айтты
Фото: Үкімет

Басты мәселе – жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жол сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығына себепші болып отыр. Әсіресе, сапасыз жөндеу жұмыстарына қатысты айтылып жатқан сын көп. Тек биылғы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті, – дейді Смайылов.

Премьер мысалға жол азабын тартқан Қостанай облысының тұрғындары Ұзынкөл станциясы мен Троебратское ауылы арасындағы жолды атады.

Бұл жол осы өңірді көршілес Солтүстік Қазақстан облысымен байланыстырады және Ресейге қарай транзиттік жол. Биыл Ақтөбе облысының Жұрын станциясы мен Орқаш ауылы арасында қиыршық тас төселмеген сапасыз жол салынған. Тараз қаласының тұрғындары Қарасу шағын ауданында 1 жылдан астам уақыт бойы бітпей жатқан жол жөндеу жұмыстарын аяқтауды талап етіп келеді, – деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, жол сапасына қатысты мысалдар барлық өңірде көптеп кездеседі.

Әкімдіктер жергілікті жолдардың сапасына сараптама жасау жұмыстарын да дұрыс жүргізе алмай отыр. Кейбір өңірлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау тарапынан бақылаусыз жүргізеді, – деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы