Министр Манура Ахметованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

5 Маусым 2021, 14:29
2416
Бөлісу:
Министр Манура Ахметованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ахметова Манура Мергалиқызының қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан Ахметова Манура Мергалиқызының қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Манура Мергалиқызы еліміздің көркендеуіне аянбай еңбек етіп, бар күшін салған жан. Ғибратты ғұмырында еңбегін туған жерінде ұстаздықтан бастап, еліміздің бірқатар жоғары лауазымдарында қызмет атқарған. Отанымыздың ел болып қалыптасуында зор үлесін тигізген жан. 

Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Топырағы торқа, жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын.


Өзгелердің жаңалығы