Министр МӘМС жүйесінің тартымдылығын арттыру керегін айтты

14 Желтоқсан 2022, 15:18
965
Бөлісу:
Министр МӘМС жүйесінің тартымдылығын арттыру керегін айтты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының «Заманауи медицина» бөлімін  орындау аясында министрлік 13 тармақты іске асырады.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтаудың тұрақты моделін құру міндетін қойды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саланы тұрақты дамыту үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейін жалпы ішкі өнімінің 5 пайызына дейін жеткізуді ұсынады. Әлемдік тәжірибе халықтың өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты екенін, саланы қаржыландыруды арттыру жұмысы жалғасатынын көрсетті, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкімет отырысында. 

Сонымен қатар министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жетілдірілудің маңыздылығына тоқталды. 

Бұл бағыт бойынша келесі іс-шаралар жоспарланған. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тартымдылығын арттыру арқылы халықты жүйеге ынталандыру; медициналық қызметтер пакеттерін нақты ажырату: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру; медициналық көмектің негізгі түрлері бойынша қаражатты оңтайлы бөлу; медициналық сақтандыру қорының бірыңғай ақпараттық жүйесін іске қосу және халыққа медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын арттыру жөніндегі басқа да бірқатар іс-шаралар арқылы қаржы ағындарын бақылауды қамтиды, - деді Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы