Министр: Коронавирустың тиімді экспресс тест әлемде жоқ

2 Ақпан 2020, 09:39
1886
Бөлісу:
Министр: Коронавирустың тиімді экспресс тест әлемде жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әуежайларда неге шұғыл тестілеу жүргізілмейтінін түсіндірді.

Біздің әуежайларда неліктен экспресс тест жасамайтыны туралы сұрайды:  2019nCov коронавирусына тиімді экспресс тест әлі әлемде жоқ. Тізбекті полимеразды реакция диагностикасы бар. Оны соңғы апталардың ішінде  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығы негізінде түрлі ел әзірлеп шығарды. Жаңа вирус, оны бірден  анықтайтын ешқандай тест жоқ.  Бірақ бастысы - қазір бізде өзіміздің тестіміз бар. Ол коронавирусқа күдік және коронавируспен ауырған кезде көрсетеді. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерге жүгініңіз - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар ол, "егер тұмау немесе коронавирус инфекциясына күдік болған жағдайда сізден вирустың 10 түрлі штаммын, оның ішінде коронавирусты анықтайтын диагностикалық тест алады. Деніңіз сау болсын!" толықтырды өз сөзін.

Өзгелердің жаңалығы