Министр көлік-логистикалық бизнес-форумының маңызы туралы айтты

4 Қазан 2023, 12:38
684
Бөлісу:
Министр көлік-логистикалық бизнес-форумының маңызы туралы айтты
Фото: Көлік министрлігі

Бұл туралы New Silk Way VI халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көлік министрі іс-шараның ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Ұйымдастырылып отырған көрме мен форум жұмысы Еуразия құрлығының көлік-коммуникациялық кешенін дамыту перспективаларына арналған. Аталған іс-шаралар өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешудің практикалық жолдарын іздеу, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің диалогы үшін ең тиімді алаң болып саналды. Сондай-ақ көлік саласын дамыту саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға және қазіргі экономикалық жағдайда одан әрі тиімді даму жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді, - деді Марат Қарабаев.

Елімізге ауқымды іс-шараға қатысу үшін 25 елден делегаттар, бизнес өкілдері, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары келді. Атап айтқанда, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Иран, Италия, ҚХР, Қырғызстан, Литва, Латвия, Польша, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Финляндия және Эстониядан келген делегаттар қатысып жатыр.

Бұған дейін «Kazlogistics» көліктік және логистикалық ұйымдар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Ерлан Әбсатов форумда күн тәртібіне қойылған мәселелер туралы айтып берген еді. Оның бірі «Орта дәлізді» дамыту.

Өзгелердің жаңалығы