Министр қанша тұрғын үйді су басқанын айтты

15 Сәуір 2021, 13:04
2611
Бөлісу:
Министр қанша тұрғын үйді су басқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңінің өтуі және қабылданып жатқан шаралар туралы» брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қанша тұрғын үйді су басқанын айтты.


Бүгінгі күні жағдай тұрақты. Егер қар жамылғысының жай-күйі туралы айтатын болсақ, онда Қазақстан аумағында ақпанның аяғы мен наурыз айының басында ауа-райының қолайсыздығына себеп болған қар құрсауының қалдық құбылыстарының 10%-ы байқалады. Ол Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және тау етегіндегі аудандар аймағы мен ШҚО және Алматы облысынан байқалады, - деді ТЖМ басшысы.


Министр атап өткендей, осы жылдың ақпан айында алдын ала дайындық жұмыстары аясында ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырыстары өткізілді.

 

Отырыс кезінде Үкіметке, өңірлердің әкімдеріне және мүдделі органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Алдын ала жұмыстары арқасында су басу қаупі төмендетілді. Соңғы үш жылда жүзеге асырылып жатқан жол картасы жалғасып жатыр. Алдағы үш жылда қалған 217-ге жуық елді мекенде су тасу толық жойылады, - деп айтты Ильин.


Мәлімет бойынша елімізде 46 тұрғын үйді су басты. Үйлерді басқан суды шығару бойынша барлық жұмыс жасалды. Бүгінгі күні тұрғындар өз үйлеріне оралып жатыр. Атап айтқанда, Ақмола облысында 5, Шығыс Қазақстан облысында 1, Қостанай облысында 39 және Нұр-Сұлтанда 1.
Сонымен қатар автомобиль жолдары арқылы 67 су тасқыны орын алды. Олар Ақмола (33), Атырау (1), Ақтөбе (1), Батыс Қазақстан (2), Шығыс Қазақстан (2), Қарағанды (8), Қостанай (9), Павлодар (1) және СҚО (10).

Өзгелердің жаңалығы