Білім беру нысандарында жаңа санитарлық ережелер бекітілді – Цой

11 Тамыз 2021, 11:00
2109
Бөлісу:
Білім беру нысандарында жаңа санитарлық ережелер бекітілді – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Оның айтуынша, білім беру мекемелеріне кірудің жаңа санитарлық ережелері бекітілген көрінеді.

Сондай-ақ өңірлік комиссиялар құрамы аймақтық департаменттер жаңа оқу жылының қарсаңында мектептердің дайындығына мониторинг жүргізіп жатыр.

2021 жылғы 5 тамызда білім беру нысандарына жаңа санитарлық ережелер бекітілді. Ол ережелерде оқыту форматы, тамақтануды ұйымдастыру, корпустардағы, аудитория мен акт залдарындағы, сондай-ақ жатақхана бөлмелерінде орынның толуы туралы талаптар қамтылған. Педагогтер мен мектептегі қызметкерлерді вакцинациялау аяқталуға жақын. 18 жастан асқан студенттерге екпе салу басталды. Қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, мектептердегі дәстүрлі оқыту форматына ауысу медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде ауырғандарды қоспағанда, педагогтер мен қызметкерлер 100% вакцина алған кезде мүмкін, - деді Денсаулық сақтау министрі өз сөзінде. 

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Ashyq қосымшасын пайдаланған дұрыс деп отыр. Бұл педагог, қызметкерлер мен ата-аналар арасында инфекция жұқтырғандарды, вакцинацияланбағандар мен байланыста болғандарды бақылау үшін қажет көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы