Министр ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ететін жобалар туралы айтты

23 Қараша 2021, 09:39
1049
Бөлісу:
Министр ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ететін жобалар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

Отандық тауарлардың ассортиментін кеңейту мақсатында жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда.2022 жылы Қызылорда облысында қуаты жылына 197,1 мың тонна болатын «Orda Glass LTD» табақ шыны өндірісі жобасын пайдалануға беру жоспарланған. Инвестиция көлемі 42,1 млрд теңгені құрайды, - деді ол.

Атамқұлов атағандай, бұл жобаны іске асыру нәтижесінде ішкі нарықтың табақ шыныға қажеттілігінің 98% өтейді.

2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың (Швейцария, Түркия, Өзбекстан) қатысуымен керамикалық плиткалар шығаратын үш жаңа кәсіпорын пайдалануға беріледі. Бұл ішкі нарықта тұтынудың 90% жабуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін кальцийленген сода өндіру бойынша тағы 2 (екі) жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда, - деді Атамқұлов.

Оның айтуынша, осы жобаларды пайдалануға беру ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы