Министр Дүрәлі Дүйсебайдың туыстарына көңіл айтты

23 Наурыз 2021, 10:28
2207
Бөлісу:
Министр Дүрәлі Дүйсебайдың туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева кеше ғана өмірден озған журналист Дүрәлі Дүйсебайдың жақындарына көңіл айтты.

Танымал журналист, Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Дүрәлі Дүйсебай ағамыздың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Ағамыз бүкіл саналы ғұмырын отандық медиа саласының дамуына арнаған өз ісінің майталман маманы еді. Еңбек жолын қатардағы тілші болудан бастап дарынды қабілетімен, кәсіби білігімен медиа саласындағы басшылық қызметтерге дейін көтеріле білді. Марқұмның жарқын бейнесі, атқарған қызметі мен еңбектері жақындары мен әріптестерінің есінде мәңгілік қалады. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын, - деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы