Министр Данабек Бименовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

19 Шілде 2021, 13:33
3768
Бөлісу:
Министр Данабек Бименовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисті Данабек Бименовтың өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Данабек Бименов өзінің саналы ғұмырында журналистика саласында елеулі еңбек етіп, қарымды қабілетімен, зор шығармашылық әлеуетімен отандық медианы дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Оның әсіресе жаһандық климат пен экологиялық қауіпсіздік мәселелері туралы пайымды жазбалары маңыздылығы мен өміршеңдігін жоғалтпайтын құнды дүниелер болып қалатыны анық.

Данабек Бименовтің жарқын болмысы мен тұлғасы, атқарған еңбегі мен жазғандары жақындары мен әріптестерінің, қалың оқырман қауымның есінде мәңгi сақталады деп сенемін.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын, - деп жазды Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы