Цой коронавирустың қай кезде шарықтау шегіне жетуі мүмкін екенін айтты

19 Шілде 2021, 20:57
5553
Бөлісу:
Цой коронавирустың қай кезде шарықтау шегіне жетуі мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты отырыс өткізді. Соңғы деректерге сүйенсек, күніне 5000 адам ауруға шалдығуда. Денсаулық сақтау министрлігі оң болжам бойынша қыркүйек айына дейін 425 000 қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екендігін алға тартқан болатын. Жақын арада коронадағдарыспен қалай күресеміз? Бұл туралы Ошақбаев live бағдарламасының эфиріне келген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Министрдің айтуынша, елдегі аурушаңдық пен коронавируспен күреске тұтас ғалымдар тобы мониторинг жүргізіп, болжам жасау үшін жұмыс істеп жатқан көрінеді. Яғни соңғы екі аптадағы аурудың қарқынындағы нақты есептер назарға алынады. Онда төсек-орын қорының жүктемесі де ескеріледі. Сондай-ақ әр екі апта сайын болжам жасалып, ол қайта талқыға түсіп отырады.

Қазір тәулігіне 6600 жағдай орын алуда. Тамыз айында коронавирус шарықтау шегіне жетіп, тәулігіне оң болжам бойынша 9000 адамнан теріс болжам бойынша 11 мыңға дейін жетеді деп жорамалдаудамыз. Сонымен қатар төсек-орын қорының жүктемесін де қараймыз. Соған қарай сәйкес шаралар қабылданады. Өткен жылмен салыстырғанда, бізде инфекциялық стационарлар ашудың, әрекет етудің нақты жүйесі бар, - деді министр Цой.
Ведомство басшысы егер төсек-орын қорының 70%-ға дейін толғанын байқасақ, оған дейін жеткізбей, қатаң шаралар қолданып, шектеу шараларын қолға алынатындығын айтты. Нақтылай кететін болсақ, төсек-орын қорының 70%-ы дегеніміз 36 мыңнан астам төсек-орынға тең. Денсаулық сақтау министрлігі қазір 36 мыңның 50%-ы толды дейді. Ал 24 мың төсек резервте тұр екен. Өткен жылға қарағанда, үш есе мүмкіндігіміз бар көрінеді. Министр тәжтажалмен күресте жүйе қалыптасқандықтан, былтырғыдай үрейлі жағдай орын алмайды деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы