Министр Əбдірайымовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

21 Мамыр 2021, 13:01
2594
Бөлісу:
Министр Əбдірайымовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова белгілі актер Фархат Әбдірайымовтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан киноактер, XXI Халықаралық «Святой Георгий Победоносец» кинофестивалінің Гран-при жүлдегері, «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясы бойынша жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері Фархат Нұрсұлтанұлы Əбдірайымовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын - делінген министрдің көңіл айтуында.

Бүгін қазақ кинематографиясы орны толмас қайғыға душар болды. 

Ғибратты ғұмырында мағыналы тірлік кешкен өз ісінің шынайы майталманы, жаны жайсаң, ақкөңіл азамат Фархат Əбдірайымов келместің кемесіне мініп арамыздан кете барды. «Фара», «Жел адам», «Возвращение в А» «Рэкетир 2», «Так сложились звезды» жəне өзге де фильмдер арқылы көрерменнің көзайымына айналған актердің асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын - деді Ақтоты Райымқұлова.

Бүгін белгілі актер Фархат Әбдірайымов өмірден өткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы