Министр әкімдіктерден мобильді бригадаларға көмектесуді сұрады

1 Ақпан 2022, 10:25
1192
Бөлісу:
Министр әкімдіктерден мобильді бригадаларға көмектесуді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Оның айтуынша, аймақтардағы әкімдіктер халық арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайтуға атсалысуы қажет. 

Дер кезінде медициналық көмек көрсету және ауыр науқастар санын азайту үшін халықтың арасында КВИ-ді өз бетінше емдеуге жол бермеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Сондай-ақ мобилді бригадалардың жеткілікті санын қамтамасыз ету үшін өңірлердің әкімдіктеріне қосымша автокөліктерді уақтылы бөлуді қарастыру қажет, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Сонымен қатар министр дәрі-дәрмекпен қамтуды қадағалауды тапсырды. 

Сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді, дәріханалық желіде қабынуға қарсы және қызуды түсіретін дәрілердің болуын тұрақты бақылауға алған жөн. Бұдан басқа, барлық амбулаториялық деңгейдегі науқасты диагностикалау және динамикалық байқаумен, оның ішінде қашықтан көрсетілетін қызметтерді, телемедицинаны кеңінен пайдалана отырып, МСАК ахуалдық орталықтарының жұмысын күшейткен жөн, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы