Министр адамдар көп шоғырланған жерде бетперде тағуға кеңес берді

14 Желтоқсан 2022, 11:21
1889
Бөлісу:
Министр адамдар көп шоғырланған жерде бетперде тағуға кеңес берді

Бұл туралы Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомства басшысы «тұмау өршісе қандай да шаралар қабылдануы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Министрдің айтуынша, қазіргі эпиджағдайда қатаң шаралар қабылданбайды.

Қазіргі таңда біз вирустық инфекциялардың маусымдық өсуі сонымен бірге коронавирустық инфекцияның апта сайын артуына байланысты көп шоғырланған жерлерде бетперде тағуға кеңес береміз, – деді Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы