"Мінезі қызық кісі еді". Жұмабай Шаштайұлының шәкірттері естеліктерімен бөлісті

12 Наурыз 2024, 13:42
1894
Бөлісу:
"Мінезі қызық кісі еді". Жұмабай Шаштайұлының шәкірттері естеліктерімен бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден

Шәкірттері белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы туралы естеліктерімен бөлісуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жазушы туралы әлеуметтік желіде естеліктер қалдырып жатқан шәкірттер мен замандастар көп. Солардың бірі - Ырысбек Дәбей. Ол ұстазы туралы естеліктерімен бөлісті.

Жұмағаң, ардақты ұстаз, аяулы ағамыз еді . Марқұм "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы болған жылдары тәрбиесін көріп, пешенемізге төрт жылдай (2010-2014 жылдары) қасында жүру жазылыпты. "Әке, сенің тілің, сөз саптауың тәуір секілді. Былай проза ма бірдеңе жазып көрсеңші" деп аздап жазып-сызуға машықтандырды. "Әкелеріміз айтатын әңгіме" эссесін жазып, алдына апарғанымда балаша қуанып: "Әке, сен осылай бір кітап жазар болсаң, Расул Ғамзатовтың "Менің Дағыстанымы" секілді дүние болар еді", – деп шабыттандырды... Кейде "Егер мен сол кезде Жұмағаңның алдына бармаған болсам, қазіргі прозаға деген аздаған әуестігім болар ма еді" деп ойлаймын. Жай басшы болу емес, ұстаздық, адамгершілік деген қасиет сол екен. Мен оны Жұмағамнан көрдім. Бірнеше буынға ұстаз бола білді... Жақсы газет шығарды, мықты редактор болды, - деп жазды ол.

"Мінезі қызық кісі еді". Жұмабай Шаштайұлының шәкірттері естеліктерімен бөлісті
https://www.facebook.com/rysbek.altay

Сондай-ақ Ырысбек Дәбей жазушының мінезін сипаттап берді.

Мінезі қызық кісі еді. Кейде жұмсақ болғанымен, кез келген адамды орнына қоятын десі де бар. Алдыңғы буын - аға буын Нұрпейісовтер де Жұмағаңды жақсы көретін, сыйлайтын, - деп еске алды ол.

"Мінезі қызық кісі еді". Жұмабай Шаштайұлының шәкірттері естеліктерімен бөлісті
https://www.facebook.com/rysbek.altay

Айта кетейік, 74 жасқа қараған шағында жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өткені белгілі болды. Президент жазушының отбасына көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы