Режиссер Нұртас Адамбайдың жұбайы күйеуінің секта ықпалына түскенін мәлімдеді

«Уақыты келгенде дәлелдеймін»: Ғалия Адамбай режиссер Нұртас Адамбай жайлы мәлімдеме жасады.

11 Қараша 2026, 14:28
АВТОР
 BAQ.KZ коллажы/@galiya_adambay 11 Қараша 2026, 14:28
11 Қараша 2026, 14:28
207
Фото: BAQ.KZ коллажы/@galiya_adambay

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай Instagram парақшасында бірнеше сторис жариялап, күйеуінің діни топтың ықпалында жүргенін мәлімдеді. Оның салдары балаларына да әсер етіп жатқанын жазды. Ол жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, құжаттар мен мамандардың қорытындысын ұсынуға дайын екенін хабарлады.

«Секта осылай жұмыс істейді. Балалар мен әйелдер зардап шегеді. Уақыты келгенде барлық құжаттар мен мамандардың қорытындыларын тіркеймін. Әзірге балаларым бірінші орында. (...) Бұл – Нұртас осы сектадан сүйреп әкелген сандырақтың, тас дәуірінің, Ауғанстанның жүзден бір бөлігі ғана», – деп жазды ол.

Ғалия Адамбайдың instagram парақшасынан скриншот

Басқа бір жазбасында Ғалия күйеуінің сөздері мен әрекеттері үшін жауап бермейтінін айтып, айналадағы адамдарды діни кеңес беретіндерден мұқият болуға шақырды.

Соңғы жылдары Нұртас Адамбай тек комедиялық фильмдердің режиссері ретінде емес, діни және қоғамдық тақырыптардағы пікірлерімен де танымал болды. 2022 жылы ол біржынысты жұп бейнеленген көрініске байланысты «Базз Лайтер» мультфильмін көрсетуге қарсы шығып, сондай-ақ кейбір голливудтық фильмдерді де сынға алған еді.

2026 жылдың қыркүйегінде Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында режиссер бұрын дін туралы тым кесімді сөйлегенін және өз көзқарасын айналасындағыларға таңғанын мойындады. Сондай-ақ ол бұл салада маман болмаса да, бұрын тойларда діни уағыз айтып жүргенін атап өтті.

Сонымен қатар режиссер өзінің жеке сенімін жалғыз дұрыс позиция ретінде ұсынғысы келмейтінін баса айтты.

Бұған дейін Адамбай АҚШ-та тұрып жатқанын хабарлаған болатын.

Наверх