Белгілі жазушы дүниеден озды

12 Наурыз 2024, 09:37
3313
Бөлісу:
Белгілі жазушы дүниеден озды
Фото: «Қазақстан» телерадиокорпорациясы

74 жасқа қараған шағында жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мәлім етті.

Жұмабай Шаштайұлы - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 

«Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш», газеттерінде, «Жалын» журналында қызмет етті. 

Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы болды. 

Өзгелердің жаңалығы