Микроқаржыландыру нарығын қадағалау жүйесі өзгереді

15 Қараша 2023, 19:23
597
Бөлісу:
Микроқаржыландыру нарығын қадағалау жүйесі өзгереді
Фото: pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) 2024 жылы микроқаржыландыру нарығының субъектілеріне тәуекелге бағдарланған қадағалауды енгізу жөніндегі іс-шараларды кезең кезеңімен іске асыруды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Микрокредит беру қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеу мақсатында 2020 жылы барлық микрокредит беру субъектілері, оның ішінде ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, сондай-ақ онлайн-кредит беру компаниялары Агенттіктің реттеу аясына енгізілді және 2021 жылдан бастап микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізілді.

Лицензиялау енгізілгеннен кейін микроқаржыландыру нарығында реттеу жүйесінің айтарлықтай нығаюы орын алды, бұл оған қатысушылардың қызметін ретке келтіруге және қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, микрокредиттер беру кезінде пруденциялық нормативтер, микроқаржы ұйымдары қызметінің стандарттары, басшы қызметкерлер мен құрылтайшылардың мінсіз беделіне қойылатын біліктілік талаптары, қаржылық және реттеушілік есептілікті қалыптастыру және кредиттік бюроларға берілген қарыздар туралы ақпарат беру, КЖ/ТҚҚ рәсімдерін сақтау жөніндегі талаптар белгіленді.

Сонымен қатар, бүкіл ел аумағы бойынша микрокредит беру субъектілері санының өсуі және олардың өзгермелі сыртқы жағдайларға қатар жүретін тәуекелдерге тез бейімделу қабілеті ҚНРДА-ның реттеу режимін өзгерту қажеттілігіне әкеледі.

Бірінші кезекте, микроқаржы ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйелеріне (ТБЖ) қойылатын талаптарды белгілеу қажет. ТБЖ шеңберінде кредиттік, операциялық және комплаенс тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесін қоса алғанда, микроқаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруға және олардың бизнес-процестеріне жоғары талаптар қою көзделетін болады. Ұйымдардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігі артады және талаптарды сақтамау лицензияны қайтарып алуға негіз болады.

Екіншіден, банктерді қадағалауда пайдаланылатын SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) моделіне ұқсас микроқаржы ұйымдарының тәуекел-бейінін анықтау бойынша қадағалау әдіснамасы енгізілетін болады. Осы модель шеңберінде микроқаржы ұйымдары тап болатын тәуекел бейіндерін, сондай-ақ олардың осы тәуекелдерді дұрыс басқару қабілетін дәйекті бағалау жүзеге асырылатын болады. Қадағалап бағалау нәтижелерін қадағалау субъектісіне қатысты қадағалау шараларының қарқындылығы мен маңыздылығын анықтау үшін ҚНРДА пайдаланатын болады.

Сондай-ақ, реттеушінің шектеулі қадағалау ресурстарын тиімді бөлуге мүмкіндік беретін өзін-өзі реттеу институтын енгізу мәселесі қарастырылуда. Халықаралық практика көрсетіп отырғандай, ӨРҰ-ға реттеушілік есептілікті бақылау, азаматтардың шағымдарын қарау, тексерулер жүргізу және активтері аз субъектілерге қатысты лицензияларды қайтарып алуға бастамашылық жасау өкілеттіктері берілуі мүмкін. Бұл ретте ҚНРДА ірі микроқаржы ұйымдарына, сондай-ақ ӨРҰ-ның өзінің қызметіне қатысты тікелей реттеу мен қадағалауды жалғастыратын болады.

Үздік халықаралық практика негізінде тәуекелге бағдарланған қадағалауға толыққанды көшу реттеушінің микроқаржы ұйымдарының қаржылық жағдайындағы жағымсыз өзгерістерді олардың бастапқы туындау кезеңдерінде сәйкестендірудегі тиімділігін, сондай-ақ ҚНРДА-ның жағдайға жедел ден қою мүмкіндігін арттырады.

Өзгелердің жаңалығы