Мейрам Қажыкен Президенттікке кандидат ретінде тіркелді – ОСК

15 Қазан 2022, 13:01
1639
Бөлісу:
Мейрам Қажыкен Президенттікке кандидат ретінде тіркелді – ОСК

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауында Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкенді қолдауға Қазақстанның 14 өңірінен 112 184 азаматтың қолы жиналды. 112 184-і түгел тексеріліп, 120 055 рас деп танылды, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов. 

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының сайтында мынадай төмендегідей қаулы жарияланды: 

1. Мейрам Зекешұлы Қажыкен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. 

2. Мейрам Зекешұлы Қажыкенге Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін. 

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Мейрам Зекешұлы  Қажыкеннің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын. 

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі Мейрам Зекешұлы  Қажыкеннің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.  

Өзгелердің жаңалығы