Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді

14 Шілде 2023, 20:30
581
Бөлісу:
Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абыройлы мамандық иелерін құттықтаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов металлургия ұлттық экономикада маңызды орын алатын салалардың бірі екенін айтты.

Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді

Вице-министрі айтқандай, отандық тау-кен секторында шамамен 12,4 трлн теңгеге өнім өндіріліп, бұл ІЖӨ-нің 8,7%-ын алып отыр. Қазір ТМК компанияларында 200 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Бұл еліміздегі өнеркәсіп қызметкерлері санының үштен бірін құрайды.

Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді

Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында барлық сын-қатерге абыроймен төтеп бердік. Батылдық пен адалдыққа толы металлург мамандығы қашанда құрметке лайықты. Кәсіби мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, өнімді жұмыс тілеймін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізді әрдайым жоғары бағалаймыз,-  деді І.Оспанов.

Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді

Салтанатты іс-шара кезінде 1-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Сергей Валов марапатталды. 3-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені Марина Надольская, Сейтқали Сағалов, Нұржан Еркінбаев және Әуезхан Әбдуғалиевке табысталды. Сонымен бірге 5 адамға министрдің атынан Құрмет грамотасы берілді. Олардың қатарында Олеся Коксегонова, Ардақ Шолатаев, Төлеген Темірбаев, Қанат Султанбеков және Әсет Тлеубаев бар.

Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді
Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді
Өзгелердің жаңалығы