Мерекеде балалармен қайда барамыз?

26 Желтоқсан 2023, 10:05
518
Бөлісу:
Мерекеде балалармен қайда барамыз?
Фото: Елорда әкімдігі

Әсемдікпен әлемді әрлеген жаңа жылда мерекелік көңіл-күй әр отбасында сезіледі. Осындай сәтті бірінші болып асыға күтетін – балалар. Айтулы мереке қарсаңында балалармен қайда барып, уақыт өткізген дұрыс, BAQ.KZ тілшісі кеңес береді.

Бурабайдағы жаңа жыл

Бурабай – қала өмірінен шаршағанда таза табиғатпен тыныстап, еркін демалысты ұнататындарға таптырмас қала. Сондықтан отбасылық мерекені ерекше етіп өткізгіңіз келсе, Бурабайға барыңыз. Онда Астана тұрғындары мен қонақтарына 60-қа жуық қысқы демалыс алаңдары жұмыс жасайтын болады. Атап айтсақ, қонақтар қарлы орманда серуендеп,арнайы фотоаймақтарда суретке түсіп, коньки, шаңғы тебе алады. Сондай-ақ Аяз ата резиденциясына соғып, ондағы көптеген қонақүйлер арнайы ойын-сауық бағдарламаларын, отшашулар ұсынады деп күтілуде. Қалада туристерді күтуге арналған қонақүйлер саны көп. Мереке қарсаңында олардың бағалары да әртүрлі. Мысалы, бір күнге ең азы – 11 000 теңге болса, ең қымбат нөмір 52 000 теңгені құрап отыр. 

Мерекеде балалармен қайда барамыз?
borovoe.kz
                                                                                                                                           

Мерекелік қойылымдар

Жаңа жыл қарсаңында Астана қуыршақ театры балаларға кезекті қойылымын ұсынады. 25-31 желтоқсан аралығында өтетін қойылым екі тілде жүргізіледі. Әртірлі ертегі кейіпкерлері Ұлу Миямен бірге саяхатқа аттанып, сиқырланған шыршаны құтқаруға асығады. Сондай-ақ циркке барып «Астанадағы "Мамонт жері " жаңа жылдық цирк этно-шоуы» атты қойылым 16 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында қойылымды тамашалай аласыз. Этно-шоудан акробаттар, эквилибристер, әуе гимнасттарының, балет әртістері мен көңілді сайқымазақтардың өнер көрсетеді. Билет құны 2000 теңге және 4 жасқа дейінгі балаларға тегін.

Мерекеде балалармен қайда барамыз?
teatrkukol.kz

Шырша. Мұз айдыны. Шамдар

Елордада балалар үшін барлық ауданда шырша тігіліп, жасанды мұз айдындары жасалынды. Бүгінде безендірілген шамдар қала көркіне көрік қосып тұр. Енді қала тұрғындары «Жастар» сарайының алдындағы алаңда және ЭКСПО-қалашықта салынған мұз айдынында, сырғанақтарда серуендей алады. Сондай-ақ орталық саябақта ұзындығы 290 метр болатын мұз айдыны бар. Мерекеде балалық шақты еске алып кішкентайларыңызбен мәз-мейрам болып мұз төбешіктерінде сырғанай аласыз. Осындай мұз төбешіктері бой көтерген мекен-жайлар: Экспо маңы, орталық парк, ботаникалық саябақ, Ататұрік саябағында, Жастар сарайында, Жазушылар аллеясында, Қазқалашық, Кирпичный, Өндіріс, Қоянды елді мекендері.

Мерекеде балалармен қайда барамыз?
Астана қаласының әкімдігі

Мерекелік фотосессия

Жаңа жыл - мерекелік көңіл-күйді тарихта сақтап қалатын ерекше күндердің бірі. Сол себепті осындай күнде отбасылық фотосессия жасап, балалармен қызықты уақыт өткізсеңіз болады. Астанада мұндай қызметтерді ұсынатын орталықтар да жоқ емес. Қаласаңыз студияны жалға алып, ұялы телефон арқылы да әдемі естеліктерге тарих бетіне таспалай аласыз. Арнайы фондармен жабдықталған мұндай студияларды 1 сағатқа жалға алу бағасы - 7000 теңгеден басталады. Ал фотограф құны қалада орташа есеппен15-20 мың теңгені құрап тұр.

Мерекеде балалармен қайда барамыз?
havio.club
Өзгелердің жаңалығы