Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

27 Сәуір 2023, 14:04
872
Бөлісу:
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" МК

Мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лар қалай жұмыс істейтіні анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылы қазақстандықтар мамыр айында: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы мерекелерге байланысты Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚО-лары 1, 8 және 9 мамыр күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Айта кетейік, сенбі 6 мамыр күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі. Мерекелерден кейін 10 мамырда барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар -жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы