Мереке күндері Алматыдағы автобустар жолға шыға ма?

31 Желтоқсан 2021, 11:34
1041
Бөлісу:
Мереке күндері Алматыдағы автобустар жолға шыға ма?

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы 1 қаңтар күні қоғамдық көліктің қанша пайызы жолға шығатынын мәлімдеді.

Құрметті алматылықтар! Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін қоғамдық көліктің 50%-ы жолға шығарылады. Одан әрі қоғамдық көлік жұмысы мерекелік кестеге сәйкес жалғасады. 2,3,4 қаңтар күндері жұмыс мерекелік күндер кестесіне сәйкес жүргізіледі, - делінген хабарламада.  

Ал, 31 желтоқсан күні қаладағы барлық қоғамдық көлік әдеттегідей кестеге сәйкес жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы