«Мен үшін құны көк тиын, жиіркенішті». Сенатордың желідегі жазбалардан көңілі қалған

18 Желтоқсан 2020, 15:50
3339
Бөлісу:
«Мен үшін құны көк тиын, жиіркенішті». Сенатордың желідегі жазбалардан көңілі қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Депутаттар арасында әлеуметтік желіні белсенді қолданатын сенатор Мұрат Бақтиярұлы желіде қазақ тілінде салмақты материалдар тым аз дейді.

Саясатта жүрген соң жалпы әлеуметтің көңіл-күйін, болып жатқан қоғамдық құбылыстарға көзқарастарын білу үшін әлеуметтік желілерге кіресің. Алуан-түрлі пікір, аспандата мақтаулар мен жер-жебіріне жеткізетін даттаулар, кішкентай алғыс хаттан бастап мемлекеттік наградалар алған суреттерін өздерін-өздері жарнамалап тұрған адамдар, кішкентай қызметтен үлкен лауазымға тағайындалған адамдарды танысын-танымасын жапатармағай құттықтаулар, әйтеуір мен үшін құны көк тиын, жиіркенішті пенделік дүниелер көп, - дейді депутат Facebook-тегі парақшасында.

Осы ретте сенатор қазақ тілінде салмақты посттар мен мақалалардың аздығына күйінді. 

Салмақты, адамға ой салатын салыстырмалы сараптау материалдар қазақ тіліндегі желілерде тым аз. Керісінше, орыс тілінде жан-жақты сарапталған пікірлер көп жазылады. Неге бұлай? Бәлкім, ерте ме, кеш пе, бұдан да өтерміз,- дейді Мұрат Бақтиярұлы.

Өзгелердің жаңалығы