Мемқызметтегі басшылар жауапкершілік алғысы келмейді – маман

2 Ақпан 2024, 12:19
391
Бөлісу:
Мемқызметтегі басшылар жауапкершілік алғысы келмейді – маман
Фото: ОКҚ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар әкімшілік рәсімдерді қиындататынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түрлі құралдардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың арқасында құқықтық жүйе дискрециялық өкілеттіктерден арыла бастады. Демек, лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдау мүмкіндігі толықтай қысқартылды. Оның орнына комиссиялар, мамандар мен сарапшылардың қорытындылары, конкурстық рәсімдер және басқа да тырнақшаның ішіндегі "кепілдік құралдары" басым, - деп түсіндірді ол.

Бірақ ондай құралдар көп жағдайда әкімшілік рәсімдерді қажетсіз қиындататынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік органдардағы басшылардың жауапкершіліктен құтылып кетуіне жол береді.

Екінші жағынан шенеуліктердің жеке жауапкершіліктен алшақтауына мүмкіндік береді. Агенттіктің жүргізген сауалнамасына сәйкес, қызметкерлердің шамамен 53 пайызы басшылардың жауапкершілікті мойнына алғысы келмейтінін атады. Басшылар үшін процессуалдық, формальдықты сақтау шарттары маңызды, ал қабылданған шешімдердің тиімділігі екінші орында, - деді ол.

Бұдан бұрын Мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдар санының қажетінен артық екенін хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы