«Мемлекеттік тіл және БАҚ». Журналистер арасында конкурс жарияланды

25 Тамыз 2021, 21:09
8855
Бөлісу:
«Мемлекеттік тіл және БАҚ». Журналистер арасында конкурс жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын жариялайды.

Конкурсты өткізудің мақсаты:

- мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;

- мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

- тіл мәселелерін жариялап жүрген журналистердің мақалалары, бағдарламалары арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту;

- қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Конкурс төрт номинациядан тұрады:

 

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телебағдарлама»;

3) «Үздік радиобағдарлама»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

Конкурс жайлы толығырақ мына жерден танысуға болады.


 

Өзгелердің жаңалығы