Мемлекет басшысы шетелдік компанияның директорын қабылдады

4 Шілде 2019, 16:58
1802
Бөлісу:
Мемлекет басшысы шетелдік компанияның директорын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Royal Dutch Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруы жөнінде мәлімет берілді.

"Shell кәсіпорны Қашаған, Карашығанақ, Каспий құбыр желісі консорциумы сияқты ірі жобаларға белсенді қатысуда. Сіздің Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаныңызға қуаныштымын. Бұл біздің ынтымақтастығымызға оң ықпал етеді", – деді Қазақстан президенті.

Компания басшысы бірлескен жобаларды одан әрі жемісті іске асыруға сенім білдірді.

"Біз Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруды және міндеттемелеріміздің бәрін орындауды көздейміз. Алдағы уақытта еліңіздегі бірлескен жобалардың өндіру көрсеткіштерін арттыруды жоспарлап отырмыз", – деді Бен ван Берден.

Өзгелердің жаңалығы