Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

13 Наурыз 2024, 18:31
815
Бөлісу:
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта

Өзгелердің жаңалығы