Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады

7 Тамыз 2019, 20:00
1230
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 7 айдағы көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инвестициялық және индустриялық жобалардың, «Нұрлы Ертіс» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы суармалы жерлердің аумағын ұлғайту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы