Мемлекет басшысы қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты

7 Қараша 2021, 13:42
1464
Бөлісу:
Мемлекет басшысы қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

Өзгелердің жаңалығы