Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

10 Шілде 2021, 17:41
1817
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президенті Мұхаммед Абдул Хамидке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.



Қасым-Жомарт Тоқаев Рупгандж қаласындағы фабрикада болған өрт салдарынан көп азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алды.

Сізге және жақындарынан айрылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Бақилық болғандардың жандары жәннатта болуын, ал жантүршігерлік апат кезінде зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы