Мектепте балаларды балтамен ұрған оқушы туралы тың дерек айтылды

14 Ақпан 2023, 10:22
1573
Бөлісу:
Мектепте балаларды балтамен ұрған оқушы туралы тың дерек айтылды
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Петропавл қаласындағы №4 мектепте балаларды балтамен ұрған оқушы туралы тың дерек айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысы 13 ақпан күні Петропавл қаласындағы №4 мектепте болған оқыс оқиғаны талқылаудан басталды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаның мән-жайын Үкімет мүшелеріне баяндап берді.

13 ақпанда сағат 7.52-де Петропавл қаласының полиция басқармасына №4 орта мектептің оқушыларына дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына тергеу тобы жылдам шығып, тексеру кезінде сағат 7.40-та рюкзагында асхана балтасы мен пышақ және қолдан жасалған маска болған 9-сынып оқушысы анықталды, - деді вице-министр.

Сөзінше, оқушы сағат 7.50-де екінші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп шығып, алдымен 10-сынып оқушысының басынан екі рет ұрып, кейін 10-сыныпта оқитын қыздың иығына бір рет және басына екі рет ұрған, содан кейін 9-сынып оқушысының басынан тағы бір рет ұрған. 

Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері ұстаған. Қазіргі күні екі жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Осы факт бойынша ҚК 24-бабы  3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі ретінде анасы анықталды, - деп түсіндірді Қожаев.

ІІМ өкілінің берген мәліметіне сәйкес, күдіктінің психикалық денсаулығында проблемасы бар. Алматы қаласының республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген.

№4 мектепте екі ауысымда оқиды. 39 сынып, 984 оқушы, 70 мұғалім бар, ал оның біреуі психолог. Мектепте және оның аумағында 42 бейнебақылау камерасы бар және «СА Барыс next» ЖШС қосылған 5 дабыл түймесі бар.

Оқиға болған күні мектептің бірінші қабатында күзетші-вахтер болған. 

Қожаев тергеу бақылауға алынғанын айтып, нәтижелері бойынша қылмыс пен заңды бұзудың себептері мен жағдайларының алдын алу бойынша ұсыныс енгізіледі.

13 ақпанда Петропавлда оқушы мектепке пышақ пен балта алып кіріп, оқушыларды жаралағанын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы