Мектеп кітапханашысы қанша айлық алады?

14 Тамыз 2023, 11:41
1324
Бөлісу:
Мектеп кітапханашысы қанша айлық алады?
Фото: Арман Мухатов - архив

Білім саласындағы академиялық кітапхана басшысы Әлия Шоратқызы мектеп кітапханашыларының жалақысы қанша теңге екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінде білім беру ұйымдарында қызмет ететін кітапханашылардың айлығы 25 жыл еңбек өтілімен 130 мың теңге алады. Ал қолына алатыны 110 мың теңге. Ең төменгі айлық - 85 мың теңге, - деді ол.

Айтуынша, бүгінгі күні елімізде осы салада 8 300 кітапханашы қызмет атқарады.

Оның 5 900-і жоғары білімді мамандар, қалғаны орта білімді. Жалақы өте төмен. 2016 жылдан бері маман тапшылығы сезіледі. Мектеп кітапханаларында көбіне зейнет жасындағы кітапханашылар жұмыс істейді. Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтын кітапханашылардың айлығынан мектеп кітапханашыларының айлығы 50-60 мың теңгеге төмен, - деп түсіндірді Әлия Шоратқызы AMANAT партиясы өткізген брифингте.

Өзгелердің жаңалығы